Нұра — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Нұра ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Талғар қаласынан солтүстікке қарай 65 км жерде, Талғардың тармағы - Тереңқара өзенінің жағалауында, Қапшағай бөгеніне таяу жердегі жусан, ши басым бетеге, боз, селеу, теріскен өскен бозғылт сұр, сортаңды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен38644327 5488 126,8 2122 2809 132,4 2205 2679 121,5

Тарихы 1973-1995 жылдары "Жетіген" мал бордақылайтын кешенінің орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Нұрада және округке қарасты Қаратоған, Өстемір және Туғанбай ауылдарында өндірістік кооператив, ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл 1995 жылға дейін "Октябрь" деп аталып келген.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Талғар ауданы елді мекендері