Қызыл (тыв. Кызыл, ) — Ресей Федерациясының құрамындағы Тываның елордасы. Ресей Федерациясының ең ірі экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі.

Этимологиясы 1914 жылы Белоцарск атымен құрылды. Бұл атау шығыс халықтарына сай болды, өйткені кезінде моңғол мен түркі халықтары орыс патшаларын "ақ қаған", "ақ царь" () деп атайтын. Революциядан кейін (1917 жылдың Ақпан мен Қазан төңкерістері) 1918 жылы Хем-Белдир (Хем-Белдір) деп аты ауысты. Бұл топоним қаланың географиясымен байланысты: тыва тілінде «хем» — «өзен» және «белдир» — «қосылу жері», бұл ірі Бий-Хем өзені мен кіші Каа-Хем өзендерінің қосылуын білдіреді. Қазақ тілінде олар Малый Енисей мен Большой Енисей деп аталады, және олардың "қосылуынан" Енисей өзені пайда болады.

1926 жылы Тыва Халық Республикасы КСРО-мен бірлік келісімін жасайды да, елорданың аты "Қызыл"ға ауысады.

Географиясы Орналасуы Қала Тыва қазаншұңқырында, Кіші Енисей мен Үлкен Енисей маңайында орналасқан. Қаланың сол жағалауында, Минусинск станциясынан 390 км қашықтықта Енисей қосылу жері бар. Қызыл Азияның географиялық орталығында орналасқан.

Уақыт белдеуі Қызыл қаласының уақыт белдеуі халықаралық нұсқада UTC+7:00 болып келеді. Қаланың орташа тапа-талтүсі 12:42-де болады.

Климаты Қаланың климаты қоңыржай. Климатқа қаланың қазаншұңқырда орналасуы үлкен әсер етеді. Сібір антициклонының әсерінен температуралық инверсия байқалады, қысының (қараша-наурыз) қары аз (10—20 см) және желі жоқ.

Қаңтардағы орташа температурасы — -28,6°С (аязда -53°С-ке дейін жетеді). Көктемі қысқа. Сәуірдің өзінде де түнде температурасы -20°С-ға дейін де жете алады. Наурыз айында ауа-райы жылдам ыстықтап кетеді. Жаздары ыстық және құрғақ, кейде құрғақшылықтар да болады.

Тарихы Годы Названия Принадлежность 1914—1917 Белоцарск Урянхай өлкесі (Ресей империясының протектораты) 1921—1944 Хем-Белдыр, Кызыл Тыва Халық Республикасы(жартылай мойындалған мемлекет) 1944—1991 Кызыл Тыва, КСРО с 1991 Кызыл Тыва, Ресей Урянхай өлкесі құрылғасын, орыстар сол аймаққа қоныс аударады. 1914 жылы "Белоцарск" атымен аталып кеткен елді-мекеннің негізі қалынады.

1918 жылы анти-монархиялық төңкеріске байланысты оның аты "Хем-Белдыр" деп өзгереді, және 1926 жылы қайта өзгеріп, аты "Қызыл" болады.

1944 жылдан бастап РКФСР құрамындағы Тыва Автономиялы Облысының, және 1961 жылдан бастап Тыва АКСР-ның мен 1991 жылдан бастап Тываның елордасы. Санат:Ресей қалалары Санат:Ресей республикаларының астаналары