«Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар» («Соображения по поводу подготовки к 100-летнему юбилею Абая Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен бірге). Онда Абайдың 100 жылдық мерейтойына әзірлік және ақын есімін мәңгі есте қалдыру жөнінде 3 түрлі шараны жүзеге асыру ұсынылған. Біріншіден, Абайдың өмірі мен қызметіне қатысты орындарды калпына келтіріп, жаңаларын салу; екіншіден, ақынның өмір сүрген дәуірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметін сипаттайтын мәдени-ғылыми мекемелер, мәдени көркем өнер ғимараттарын салу, ғылыми-көркем фильмдер мен опералық-музыкалық туындылар жасау; үшіншіден, Абай мұраларын игеру мен насихаттау жөніндегі ғылыми-зерттеу, әдеби-сын жұмыстарын жүзеге асыру. Авторлар ұлы ақынның академиялық толық жинағын шығаруға ерекше көңіл бөлген. Бұл ұсыныс ресми орынға тапсыру үшін әзірленген. Мақала Мұхтар Әуезовтің қолжазба қорында сипатталып, «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» жинағында тұңғыш рет жарияланған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8
Дереккөздер
Санат:Мақалалар