Синкарион (synkarion, грек, syn — бірге, байланыс, karion — ядро) — ұрықтану кезінде аталық және аналық жыныс жасушалары ядроларының қосылып бірігу процесі.

Ұрықтану процесінде жұмыртқа жасушасы цитоплазмасына сперматозоидтың басы мен мойыны бірге еніп, оның ядросы дөңгеленіп. Екі пронуклеус бір-біріне жақындап қосылады да, нәтижесінде ұрықтанған бірклеткалы организм — зигота түзіледі. Жыныс жасушалары ядроларының (бұларда хромосомалардың гаплоидты жиынтықтары болады) қосылуы нәтижесінде белгілі бір жануарлар түрлеріне тән хромосомалардың диплоидты жиынтығы түзіледі.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология