Спланхнология (splanchnologia; лат. viscera, грек, splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — ішкі мүшелер жүйелері құрылысын зерттейтін ілім. ішкі мүшелер жүйелеріне — ас (азық) қорыту, тыныс алу, зәр бөлу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады.
Бұлар негізінен дененің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. ішкі мүшелер — адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады. Ас (азық) қорыту аппараты (apparatus digestorius) — организмді қоректік заттар және сумен, тыныс алу аппараты (apparatus res- piratorius) — оттегпен қамтамасыз етеді.
Зат алмасу нәтижесінде қалдық және пайда болған ыдырау өнімдері: азық қалдығы — азық қорыту көмірқышқыл газ — тыныс алу протеиндік және азоттық асмасу өнімдері артық су керексіз тұздар дәрі-дәрмектер улы заттар зәр болу мүшелері (organa uropoetica) арқылы сыртқа шығарылады. Аталық және аналық көбею мүшелері (organa genitalia masculina et feminina) жануарлар түрлері ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз етеді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология