Қылтамыр адвентициясы (адвентиция капилляров); () — қоршаған үлпалармен байланыстырып жалғастыратын қан және лимфа қылтамырларының сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалық қабығы. Қылтамыр адвентициясында борпылдақ дәнекер ұлпасына тән адвентициялык жасушалар көптеп кездеседі. Олар камбиальды қызмет атқаратын, пішіні ұзынша келген өсінділі сопақша ядролы жас діңгекті жасушалар. Адвентициялық жасушалардан фибробласттар, липоциттер (адипоциттер), шырлы жасушалар (лаброциттер, ұлпа базофилдері) өсіп жетіледі. Қьштамыр адвентициясында бұлардан басқа плазмоциттер, гистиоциттер, ретикулоциттер де кездеседі.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология