Жұлдызша түйін( ganglion — түйін, stellatum — жұлдыз тәрізді) — симпатикалық жүйке жүйесінің бағаны құрамындағы жүйкелік түйін. Ол соңғы мойын жүйке түйіні мен алдыңғы үш көкірек жүйке түйіндерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған.
Жұлдызша түйін нейроциттерінен басталатын постганглионды жүйке талшықтары көкірек қуысы мүшелері беттерінде (жүрек, өкпе т.б.) жүйкелік тораптар түзіп, оларды жүйкелендіреді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология