Гонадотропты гормондар (гонадотропные гормоны) — адам мен жануарлар жыныс бездерінің қызметтерін реттейтін гормондар. Гонадотропты гормондар — адам мен жануарлар гипофизінің аденогипофизіндегі эндокриноциттерінде түзіледі. Бұл гормондарға фолликулдарды жандандырушы гормон (ФЖГ) және лютеиндеуші гормон (ЛГ), сондай-ақ пролактин жатады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология