Кілегейлі жасуша (mucocytus; — кілегей, kytos ~ жасуша) — кілегейлі организмнің секрет бөлетін безді жасуша. Кілегейлі клетканың пішіні призма тәрізді болып келеді, оның сопақша келген ядросы негіздік жарғаққа (базальды мембранаға) жақын орналасады. Безді клетка бөлетін кілегейлі бөлінді - жасушаның апикальды ұшына жиналады да, секрет бөлетін бөлім қуысына сүзіліп мерокринді жолмен бөлінеді, яғни секрет бөлу кезінде жасушаның бүтіндігі бұзылмайды. Кілегейлі жасуша — өңештің кілегейлі асты негізіндегі бездердің, жақасты және тіласты сілекей бездерінің соңғы секрет бөлетін бөлімдерін құрайды.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология