Персона нон грата ( — қалаусыз адам) — елдің саяси ұстанымдарына көзқарасы қайшы келетін, елге кіруіне тиым салынған шетелдік саясаткер немесе қайраткер.
Дипломатияда шетелдік өкілдік басшысы ретінде тағайындалғанына қарамастан, қабылдаушы елдің келісімі берілмеген дипломатиялық өкіл немесе қабылдаушы елге кіруге рұқсат (кіру визасын) етілмеген дипломатиялық қызметкерді персона нон грата деп атайды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Терминнің шығу тегі Соңғы сөз «» — латын тіліндегі gratia, gratiae сөзінен шыққан, мағынасы «тартылыс, жағымды қасиет». Осы тіркестердің сөзбе-сөз аудармасы сәйкесінше: «жақсы көрінбейтін адам» және «жақсы көрінетін адам».
1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 9-бабында көрсетілгендей, қабылдаушы мемлекет «кез келген уақытта және себепін түсіндіру міндеттілігінсіз» дипломатиялық корпустың кез келген мүшесін persona non grata деп жариялай алады, тіпті бұл адам елге келгенге дейін де. Әдетте, persona non grata деп жарияланған адам елден кетуге міндетті, әйтпесе мемлекет «оның дипломатиялық миссия мүшесі ретінде мойындаудан бас тартуға» құқылы болады.
Дипломатиялық иммунитет дипломатиялық миссия қызметкерлерін азаматтық немесе қылмыстық қудалаудан қорғайды. Лауазымына қарамастан, олар қабылдаушы мемлекеттің заңдарын Вена конвенциясының 41 және 42-баптарына сәйкес құрметтеуге міндетті. Адамды persona non grata деп жариялау оны тыңшылық жасады деп күдік туындаған жағдайда («статусқа сәйкес келмейтін әрекет») немесе наразылық білдіру символы ретінде қолданылуы мүмкін.
Тағы қараңыз Жер аудару
Дереккөздер
Санат:Дипломатиялық құқық Санат:Латынша қанатты сөздер Санат:Визалар