Микроайналым арнасы (микроциркуляторное русло) — жүректамыр жүйесіндегі тым жіңішке қан тамырларының жүйесі. Микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары серпімді келеді және қан ағысының қысымына сәйкес өзгеріп отырады. Қызыл тамыршаның артериола қабырғасы: ішкі — интима, ортаңғы —медиа және сыртқы — адвентиция қабықтарынан құралған. Қылтамыр (капилляр) қабырғасын: эндотелиоциттерден және негіздік жарғақтан тұратын — ішкі қабық, перициттер құрайтын — ортаңғы қабық және адвентициальды клеткалар мен борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған - сыртқы қабық құрайды. Құрылысына байланысты қылтамырлар сомалық, терезелі (фенестрлі), синусоидті болып үш топқа бөлінеді. Көк тамырша (венула) қабырғасының құрылысы қызьш тамыршыға ұқсас, бірақ қуысының арнасы кеңдеу келеді. Қызыл тамырша-көк тамыршалық жалғамалар терінің нағыз тері қабатында, құлақ қалқанында кобірек кездеседі. Микроайналым арнасының қан тамырлары организм мүшелерін қанмен қамтамасыз етумен қатар, олардағы зат алмасу процесінің толық деңгейде жүруіне атсалысады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология