нобай|Ричард Никсон 1972 жылғы сайлау науқаны кезінде Сайлау науқаны немесе сайлау кампаниясы — үкімет басқару органдарына және т.б. сайлау сияқты арнайы қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған, яғни сайлауды өткізу немесе сайлауды ұйымдастыру барысындағы науқан; партиялар, сайлау бірлестіктері немесе үміткерлермен және оның командасымен сайлау алдына қойған мақсатқа жету мақсатында жүзеге асыруға ұмтылған әрекеттер жиынтығы.
Сайлау науқаны — саяси басқарудың ерекше түрі. Мұнда басқару субъектісі — үміткердің басшылығындағы команда, ал объекті — сайлаушылар. Басқару мақсаты үміткердің алдына қойған міндеттерімен анықталады. Тәжірибе көрсеткендей үміткерлердің барлығы бірдей жеңіске ұмтылмайды. Кейбіреулер сайлау науқанына қатысуды өзіне көңіл аударту құралы ретінде қарастырады.
Жалпы сайлаудың ресми уақыты жарияланғаннан кейін сайлау науқаны басталады. Әр партия өздерінің үміткерлерін немесе үміткерлер тізімін ұсынады, олар заңға сәйкес тіркеуден өтуі керек. Сайлау науқанын жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылады, оған кәсіби мамандар кіреді: қаржылық агент, саяси ұйымдастырушы, техникалық хатшы, арнайы көмекші. Бұлардан басқа қоғамдық пікірді зерттеуші кеңесші, бас кеңесші, БАҚ бойынша кеңесіп, пошта арқылы мәлімет жинайтын кеңесші жалданады.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Тағы қараңыз
Үгіт Сайлау алдындағы үгіт Сайлау Сайлаушылар Саяси технолог
Дереккөздер
Санат:Сайлау