Артқы ми (metencephalon; — артқы, enkephalon — ми) — мишық пен ми көпірінен құралған ми бөлімі.
Мишық () адам мен жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-тендігін сақтау жөне дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын үйлестіруші (координация) орталықтары орналасқан, пішіні шар тәріздес ми бөлігі. Ол сыртындағы үзынынан өтетін екі бүйірлік сай арқылы ортаңғы — құртша және екі бүйірдегі мишық жартышарларынан тұрады. Мишық сыртқы мишық қыртысынан (сүр зат) және ішкі мишықтың ақ затынан құралған. Ми көпірі () сопақша ми мен ортаңғы ми аралығында көлденеңінен орналасқан, пішіні буылтық келген ми бөлігі. Ми көпірі мишықтың ортаңғы аяқшаларымен тікелей жалғасады. Ми көпірі — үлкен ми және мишық қыртыстарынан келетін орталықтан тепкіш (эфферентті) өткізгіш жолдарын төменгі ми бөліктерімен жалғастырады. Ми көпірінің екі бүйірінен ми жүйкелерінің бесінші жүбы — үшкіл жүйке шығады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Бас миы