Топар – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданындағы өзен.

Бастауы Іле сағасынан 233 км жоғары Аралтөбе елді-мекені тұсында тармақталып, Балқаш жағалауындағы Маңқысты кентінің тұсынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 152 км. Топардан шағын Көктал, Балатопар тармақтары шығады. Құмайтты арнасы өзгеріп отырады. Жауын-шашын, мұздық суымен молығады. Өзенде көксерке, сазан, алабұға, т.б. балық түрлері мекендейді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Іле су алабы Санат:Балқаш ауданы өзендері