Дамба ( — көтерме, тоған) - 1) геоморфологияда арна бойындағы биік табиғи белес. Аллювийлік жазық пен ағатын үлкен өзендер арнасының бойында түзіледі. Жайылмадан биіктігі 6-8 м; 2) жасанды дамба - өзен мен теңіз жағаларын шайылудан және су басудан қорғайтын немесе бөгендерде суды тежеуге көмектесетін топырақтан, тастан және бетоннан салынған гидротехникалық имарат.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Су шаруашылығы