Өмірбек Боранбаев(15 қараша 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосы) - жазушы, драматург, актер.
1973 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік өнер институтының театр факультетін бітірген. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 1985 — 1995 жылдары Республикалық эстрада-цирк училищесінің директоры болды. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Өрімтал» атты әңгімелер жинағы жарық көрді.
Шығармалары Драматург ретінде «Оң жамбас...» (комедия) «Дымың ішіңде болсын» (комедия) «Бәрінен күшті — қорқақ көжек» (ертегі) «Хан ием, Айкүн мен Тазша бала» (музыкалы қойылым) «Қаңбақ шал» (ертегі) «Сотанайдың соңғы үйленуі» (водевиль) «Біздің ауылдың көктемі» (драма) «Барға барсаң, байқап бар» «Шәукен» (комедия) «Көк бөрі» (мистикалық драма) «Дүние жалған» (фарс) сияқты екі актілі пьесалар жазған. Бұл шығармалардың барлығы республика театрларында сахналанған. прозасы: «Өрімтал» әңгімелер жинағы (1978);
Рольдері
Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапалдың, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» драмасында Жантық рөлдерінде, Б. Майлиннің «Жалбыр» спектаклінде қосалқы рөлде, Әуезовтің «Қарагөзінде» билер сахнасында ойнады.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Жетістіктері Қазақстан Республикасы Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының лауреаты (2003, 2007) Орта Азия жаңа пьесалары фестивалінің Сертификат иегері (2006) Қазақстан Республикасының мемлекеттік грант иегері (2007) Қазақстан авторлар қоғамының драматургия саласының лауреаты (2008).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:15 қарашада туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері