Берікбол Көпенұлы (1862, Абай облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы-1932,Абай облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы) - әнші-ақын, күйші, биші әрі қуақы, өнерпаз. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.
Аяғына бақан байлап аттылымен жарысқан. Ағашаяқ өнеріне Әуезов жас күнінен тәнті болған. Онымен талай рет кездесіп, Абай әндерін, ол туралы әңгімелерін естіген. Ол Абай туралы зерттеулерінде ұлы ақын мұрасын жинап, насихаттаушылар қатарында ағашаяқ есімін де құрметтеп атап, «Абай жолы» роман-эпопеясында әнші-өнерпаз ретінде суреттеген. Ағашаяқ шығарған «Ағашаяқ» әнін Әміре Қашаубаевтың Семейде ойын-сауық кештерінде орындағанын Әуезов талай рет естіген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:1862 жылы туғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) туғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар Санат:Абай ауданында (Абай облысы) жерленгендер Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан бишілері Санат:Қазақстан сайқымазақтары