XXIV жазғы олимпиада ойындары (; ) — Корея астанасы Сеул қаласындағы XXIV жазғы олимпиада ойындары 1988-ші жылғы қыркүйектің 17-і мен қазанның 2-і аралығында өтті. Олимпиадаға 159 елден 8465 спортшы қатысты.

Албания, Куба, КХДР, Вьетнам, Никарагуа, Сейшель аралдары және Эфиопия елдері бойкот жасап қатыспады. Ал КХДР тарапында болуы тиіс КСРО қайта құру жүріп жатқандықтан, бұрынғыдай капиталистік елдермен аса жау бола қоймады, сол себепті де Олимпиадаға барудан бас тартқан жоқ.

Қазақстандықтар Атбасарлық ауыр атлет Анатолий Храпатый мен спорттық гимнастикадан ақтөбелік Валерий Люкин мен алматылық Владимир Новиков, футболдан қаратаулық Евгений Яровенко, қысқа қашықтықка жүгіруде жезқазғандық Виталий Савин, балқаштық волейболшы Елена Чебукина чемпион атанды.

Ал грек-рим күресінен семейлік Дәулет Тұрлыханов күміс жүлдеге ие болды.

Баскетболшы павлодарлық Ирина Герлиц пен қостанайлық боксшы Александр Мирошниченко қола жүлде алды. Валерий Люкин алтын жүлдемен бірге екі күмісті құрама қоржынына салды.

Осылай КСРО дәуірінде ең табысты олимпиадамыз ретінде тарихта қалды.

Қорытынды

Медальдар Медальдар№ЕлАлтынКүмісҚолаБары1КСРО5531461322ГДР3735301023АҚШ363127944Корея Республикасы121011335ГФР111415406Мажарстан1166237Болгария101213358Румыния7116249Франция6461610Италия64414

Сілтемелер

Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары Санат:Оңтүстік Кореядағы спорт