Процедура () — керектігіне қарай жұмыс істейтін бағдарламаның ішінен алынатын жөне белгілі бір жұмысты орындайтын бағдарлама бөлігі; қандай да бір алгоритмдік тілдің немесе бағдарламалау тілінің ережесі бойынша синтаксистік қалыпқа келтірілген N орынды операция.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Процедура базасы (База процедуры; procedure base) — процедураны шақыру үшін базалық регистрге жүктелетін адрес.
Процедура операторы (Оператор процедуры; procedure statement) — процедураның басын анықтайтын оператор.
Процедура қадамы (Шаг процедуры; procedure step) — тапсырмада бір бөлімді (қадамды) орындау, программада — бір команданы орындау.
Процедура модификациясы (Модификация процедуры; procedure modification) — пайдаланудың жаңа нұсқасына процедураны баптау мақсатымен процедура операторларын өзгерту, жою немесе жаңа операторлар үстемелеу.
Процедуралық ұсыну (Процедурное представление; procedural representation) — сипаттау бірлігі процедура болатын алгоритмді сипаттау немесе білімдерді ұсыну тәсілі.
Дереккөздер
Санат:ақпараттану