Аралдық таулар - үстірттің тілімденуінің нәтижесінде пайда болған төрткіл қыраттар тәріздес денудациялық таулардың бір түрі; биіктігі 100 м-ден 1—2 мың м-ге дейін жететін, біршама созыла келіп, сопақша немесе дөңгелектеніп біткен жазық қыратта оқшауланып тұрған тау; субаэралдық денудациялық процестердің әсерінен пайда болған, қоршаған жазық бетінде оқшаулана көтерілген жер бедерінің оң пішіні.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Таулар