X қысқы олимпиялық ойындар 1968 ж. 6-18 ақпаның аралығында Францияның Гренобль қаласында өтті, Бұл ойындарға 37 мемлекеттен 1158 (202-сі әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық бірінші орынды 16 жылғы үзілістен кейін Норвегияның командасы жеңіп алды. Екінші орынға КСРО-ның, үшінші орынға Австрияның құрама командасы шықты. Ойындардың үздік спортшысы деп VІІ қысқы Олимпиялық ойындардан Австралиялық А.Зайлердің табысын қайталаған француз Ж.Килли атанды. Ол шаңғымен шапшаң түсуден, слаломнан және слаломгиганттан жеңіске жетті. Осы ойындарда КСРО құрама командасының сапында өнер көрсеткен қазақстандық конькиші А.Керченко 1500 м қашықтыққа сырғанауда 2.07.11 сек. уақыт көрсетіп 11-ші орынға ие болды.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Медальдар №ЕлАлтынКүмісҚолаБары1Норвегия662142КСРО553133Франция43294Италия40045Аустрия344116Нидерланд33397Швеция32388ГФР22379АҚШ151710Финляндия122511ГДР122512Чехословакия121413Канада111314Швейцария024615Румыния0011БАРЫ364032108
Дереккөздер
Санат:1968 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Санат:Франциядағы спорт