Тікенді келіншек шөп|right|thumb Keліншек шөп (Chaetolimon setiferum) — корғасын шөп тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 20—40 сантиметр, тамыры жуан, жапырақтары тамырын айнала қоршап, жертағандап орналасады. Олардың ішкі орамы (жазғысы) етженді, жалпақ, кейде дөңгелек тобе тәрізді, ал көктемдегі жапырағының сыртқы орамы — жұмсақ, жұқа, тез қурап қалады. Гүлсидамының саны 2—12 тік, сынғыш келеді. Гүлшоғыры бір не екі гүлді масақ. Гүлінің күлтесі — ірі, желегі негізінен бос орналасады. Түбінде ғана біріккен, ақшыл қызыл түсті. Тостағаншасының ұзындығы 12—14 милиметр, түтік тәрізді. Сәуір—маусымда жемістенеді. Оңтүстік Түркістанда, Қызылқұмда сазды, тастақты, жусанды-эфемерлі шөлдерде, аласа таулардың бөктерлерінде кездеседі.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер