«Айдын» - монография. Авторы - Р. Нұрғали. 1985 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген. Қазақ драматургиясының жанр жүйесін зерделеуге арналған.
Негізгі нысана - Әуезовтің драмалық туындылары. Кітап үш тараудан тұрады. Зерттеуші («Трагедия») жазушының трагедиялық шығармаларын жан-жақты талдап: «Еңлік-Кебекті» эпикалық трагедияға «Бәйбіше-тоқал» «Қарагөзді» адамгершілік-тұрмыстық трагедияға «Абайды» тарихи трагедияға жатқызады.
Демек ол трагедияны үш түрге жіктеген. Автор қазіргі әдеби процеске сүйене отырып, қазақ комедиясын екіге бөлген: сатиралық комедия («Айман-Шолпан»), лирикалық комедия («Алма бағында») Ғалым қазақ драмасын үш салаға топтастырған: қаһармандық драма («Тунгі сарын»), саяси-әлеуметтік драма («Октябрь үшін», «Тартыс», «Тас түлек», «Шекарада», «Алуа», «Асыл нәсілдер») ғұмырнамалық драма («Бекет»). Зерттеу еңбегінде автор Әуезовтің эпостық дәстүрлер мен әлемдік драматургия сабақтарын шебер ұштастыра білуі арқылы қайталанбас, классикалық драмалар тудырғанын ғылыми тұрғыдан сенімді дәлелдеген. Көлемі 21,6 баспа табақ, таралымы мың дана.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601- 282-175-8
Дереккөздер
Санат:Монографиялар Санат:Өнер баспасының кітаптары Санат:1985 жылы шыққан кітаптар