Дискретті телефон сигналдары. Үздіксіз сигнал мәндеріне сәйкес уақыт осі бойында орналасқан нүктелер тізбегі дискретті сигналдың қарапайым U(t) математикалық моделі болып табылады. Дискретті сигналдар тікелей ақпарат көзінен пайда болуы мүмкін (мысалы, басқару жүйелеріндегі дискретті есеп берулер). Дискретті хабарлар міндетті түрде дискретті сигналдарға, ал үздіксіз хабарлар үздіксіз сигналдарға түрленеді деп ойлауға болмайды. Көп жағдайда дискретті хабарларды беру үшін үздіксіз сигналдар қолданылады. Дискретті сигналдарды үздіксіз хабарларды тарату үшін (дискреттеуден кейін) қолданады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника