Қоғамдық география — зерттеу нысаны түгелдей қоғамды немесе оның құрамдас жеке элементтерін не қырларын (аспектілерін) аумақтық ұйымдастыру болып табылатын барлық географиялық ғылыми пәндердің жиынтығы; географияның негізгі бөлімдерінің бірі болып қалыптасып, физикалық географиямен бірге географиялық ғылымның бірыңғай жүйесін құрайды.

Тарихи жағынан географияның қоғамтану тармағы экономикалық географиямен, 1960–1970 жылдары — әлеуметтік-экономикалық географиямен ұқсастырылды. Қоғамдық құбылыстарды зерттеуде географиялық әдістерді кеңейту мен тереңдетудің нәтижесінде бұрынғы дәстүрлі салаларға қоса географияның жаңа түрлері пайда болды. Олар: рекреациялық география, мәдениет географиясы, саяси география, медициналық география, этногеография, геодемография, әскери география, тарихи география. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде қоғамдық география орнына «әлеуметтік география» термині қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Дереккөздер

Санат:Қоғамдық география