Шөкпе ойыстар - геоморфологияда: далалы жерлерде, шөлейт аудандарда ұшырасатын дөңгелек пішінді, түпкі жазықтығы біршама тегіс болып келетін аландар (диаметрі 10—15 м, тереңдігі 1-1,5 м) мен ойыс аландар (диаметрі бірнеше километр, терендігі 3—5 м). Шөкпе ойыстар көбінесе астыңғы қабатты құрайтын таужыныстардың шаймалануы нәтижесінде (суффозия) беткі қабаттың шөгуі салдарынан пайда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Геология