thumb Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері табылып отыр. Олар — сазсырнай, үскірік және тастауық. Бүл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Мұндай аспаптар КСРО-ның көптеген халықтарында кездеседі, оны марийлер — шун мушпык, чуваштар — там-шахлыча, там-шахран, там-шахаркач немесе там-кавалкал, эстондар — сави пиилу, латыштар — свилуе, литвалықтар — молинукас, армяндар — пепук, грузиндер — булбуль дейді. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қилы келеді. Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Аталмыш аспаптардың ішінде диапазоны терция, одан да жоғары, кейде, тіпті, октаваға жететіндері кездеседі. Бағзы заманда бұл аспаптармен балалар халық әндерін орындаған. Мұндай аспаптардың бәрі де ысқырып ойналатын флейтаның тобына жатады. Кейбір халықтарда олардың ысқырғыш тетігі болмайды. Мысалы, қазақтың саздан жасалған аспаптарында ысқырғыш тетік жоқ. Бұл күнде окарина тектес аспаптар балалардың ысқырып ойнайтын ойыншықтары ретінде ғана қолданылып жүр. Олардың ішінде үш-төрт ойнау ойықтары барлары анағүрлым кең тараған. Саз сырнай 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілу кезінде қаздың жұмыртқасындай, саздан жасалған аспап табылады. Бір-біріне қарама-қарсы жақтан тесілген титтей ғана екі ойығы бар, іші қуыс. Шығатын дыбыстың жоғарылығы екінші октаваның «ми-бемоль» нотасына сәйкес болып шықты. Төменгі ойығын басқанда екінші октаваның «соль» нотасына сәйкес болып тағы бір дыбыс пайда болды. Ал, үшінші дыбысын шығару үшін аспаптың төменгі ойығын жартылай басу керек екен. Оның жоғарылығы екінші октаваның «фа» дыбысына сәйкес болды. Соңғы екі дыбысын шығару үшін қолданылған. Әдісіміз сыбызғыда да қолданылады. Сөйтіп, саз сырнай аспабынан қатарынан үш дыбыс шығардық. Олар екінші октаваның «ми-бе-моль», «фа» және «соль» ноталары. Осы үш дыбысқа келетін шағын әуенді әндерді орындауға мүмкіндік бар екені анықталды.

Саз сырнай аспабы Қазақстанның кейбір аудандарында әлі де болса кездеседі. Мысалы, Торғай облысы, Аманкелді ауданының, Крупская атындағы совхозының тұрғыны Өмірзақ Тұрмағанбетов сыбызғы мен саз сырнай тартқан. Ө. Тұрмағанбетовтың саз сырнайының Отырардан табылған саз сырнайдан айырмашылығы — ойығы үшеу. Ол кісі мұнымен «Шилі өзен», «Елігай» сияқты халық әндерін орындаған екен. Кейде құстың даусына салып ойнағанда жан-жақтан құстар ұшып келетін болған. Мұның бәрін 1975 жылы жазда ол кісінің жиені Нүрбибі Ахметова әңгімелеп берген еді.

Саз сырнайдың көне үлгісін қолымызға ұстай отырып, біз оны қайта жасап шығармақ болдық. Бұл үшін арнайы ағаш қалып жасадық. Қоймалжың сазды жайып қалыптың сыртынан қаптадық. Қалыпты ішінен алу үшін сазды кең жағынан екіге бөлдік, сонан соң екі бөлікті қайта біріктірдік. Оның негізгі дыбысы бірінші октаваның ля тоны болып шықты.

Кепкеннен кейін ойықтарын ойдық. Әуелде оны ескі үлгі бойынша екі ойықты етіп жасадық. Кейін тәжірибе жүргізе келе ойық санын көбейтуге тура келді. Әрбір сондай үлгіні бірнеше рет қайта жасап отырдық.

Қандай үрмелі аспап болсын негізгі үні шанақтың ішіндегі ауаның мөлшеріне байланысты екені белгілі, іші кең, болған сайын дыбыс төмендей береді және бүған керісінше, шанақтын, ішкі қуысы неғұрлым саяз болса, соғұрлым дыбыс жоғары шығады. Тәжірибе көрсеткеніндей, ішкі диаметрі — 49 мм, ұзындығы — 125 мм саз сырнайдың негізгі дыбысы бірінші октаваның фа тоны болады. Ал, диаметрі — 47 мм, ұзындығы — 88 мм, аспап негізгі тоны бірінші октаваның ля нотасы болды. Келесі дыбыстардық жоғары-төмен болып шығуы аспаптағы саусақпен басылатын ойықтардың орналасу тәртібіне және тіпті көп дәрежеде осы ойықтардың диаметріне байланысты. Ал аспаптың диапазоны ойықтардың санына тәуелді. Әдетте ішінің қуысы кең саз сырнайдың даусы ақырын шығады. Негізгі тон неғүрлым жоғары болса, аспаптың үні соғұрлым анық және күшті естіледі. Негізгі тоны — ля болып келген, екі ойықты бірінші эксперименттік үлгінің дыбыс қатары мынандай болады, бірінші октаваның ля, екінші октаваның до-диез, ре, ми ноталары. Екінші октаваның ми ноталары екі ойық бір мезгілде ашық тұрғанда алынады. Екінші үлгі үш ойықты етіліп жасалды. Әуелде үшінші ойық шанақтын, сыртынан ойылған-ды, кейін аспаптық қолайлы болуы үшін бергі бетіне көшірдік. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай болды: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми ноталары. Үшінші үлгіде төрт ойық жасалды. 1 өртінші ойық сыртқы жағынан ойылды. Сонда аспаптың дыбыс қатары былай болды: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның додиез, ре, ми, фа-диез. Фа-диез үш ойық бір мезгілде ашылғанда алынады. Төртінші үлгіде шанақтың бет жағынан және бір ойық жасалады. Бүл бізге қосымша — екінші октаваның соль дыбысын берді. Бесінші үлгіде алты ойық болды. Оның дыбыс қатары: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми, фа-диез, соль-диез, ля ноталары. Бірінші ойықты аша отырып біз дауысты жарты тон — екінші октаваның ля-диез етіп жоғарылаттық. Сөйтіп, соңғы үлгінің дыбыс қатары мынадай болып шықты: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до-диез, ре, ми, фа-диез, соль-диез, ля, ля-диез. Ойнау ойықтарының диаметрі: біріншісі — 2 мм, екіншісі 2,52 мм, үшіншісі — 4 мм, төртіншісі — 5 мм, бесіншісі — 4 мм, алтыншысы — 5-7 мм. Үрлеу ойығының диаметрі — 1 Х І2 мм.

Бұл дыбыстардан басқа, бірнеше ойықты түрліше үйлестіре отырып бір мезгілде ашу жолымен хроматикалық дыбыс қатарын алуға болады. Сөйтіп, алты ойықты саз сырнайдың, хроматикалық дыбыс қатары мынадай болмақ: бірінші октаваның ля, си, екінші октаваның до, до-диез, ре, ре-диез, ми, фа, фа-диез, соль, соль-диез, ля ноталары.

Біз саз сырнайды қайта жасау кезінде Алматы көркем керамика эксперименттік зауытымен тығыз байланыс жасадық. Завод қызметкерлері саз сырнайдың алғашқы үлгілерін жасауымызға көмек көрсетті. Әсіресе, суретші-керамист Феликс Андреевич Письманның көмегі көп тиді. Бірлесіп жасалған тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде мынадай деректерді анықтадық. Табиғи түрде кептіргенде саз сырнайдың саздан соғылған үлгісі 5% кішірейеді, ал оны бисквитті түрде күйдіргенде әлгі тағы да 6%-ға отырады. Сөйтіп, саз үлгінің екі рет кептіріп, күйдіргеннен кейінгі көлемі 11% кішірейген болып шығады.

Күйдірген кезде көлемінің кішіреюі саздың сапасына да байланысты болады. Аспап алғаш рет күйдіргеннен кейін өз қатарын езгерткен жоқ, ал аспаптың даусы күшейе түсті. Екінші рет 960° температурада күйдіру кезінде аспапқа глазурь жағылды. Глазурьмен қапталса аспаптың шанағы мықты бекиді. Бес үлгінің екеуінің шанағының, ішкі қабырғасына глазурь жағылмады. Сөйткенде бүл екі аспаптың даусы өзгелеріне қарағанда күшті шықты, тембрі де жақсара түсті. Тәжірибе көрсеткендей, күйдіріліп және сыртына глазурь жағылғаннан кейін аспаптың негізгі үні жоғарылай түсті.

Саз сырнайды игеру барысында үні таза шығатын нұсқасы таңдап алынды. Ойықтардың саусақпен басуға ыңғайлы болуы үшін аспаптың оңтайлы ұсталатын болуын да ескеріледі.

Үрлеуге арналған ойық екі еріннің аралығынан оң жақтан келетіндей етіліп және орта түстан сәл солға қарай қиыстай ойылады. Сол себепті ауа толқыны сәл оңға қарай бағытталады. Аспаптың жоғарғы бұрышымен ерінге тақалады.

Дауыстың тембрі, күші, жағымдылығы ауа толқынының дүрыс жетуіне байланысты. Жалпы бұл аспаптың үні әуезді, құлаққа жағымды майда қоңыр, адамнын, табиғи даусына жақын. Тіпті сәл ғана үрлесеңіз де дауыс шығады. Дауыс неғүрлым сапалы шығу үшін үрлеу ойығының жиегін үшкірлеу керек және ойнау кезінде оны ерінге сәл қиыстау келтіріп жабыстыра үстаған жөн. Ойнау тәсілін үйреніп алғаннан кейін саз сырнайды неше түрлі әуенге салып тартуға болады.

Саз сырнайдың барлық мүмкіншіліктерін ашып білу үшін оны ерінбей-жалықпай мұқият зерттеу қажет, сондай-ақ жекелей және ансамбльге қосып игеру керек. Үскірік Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен.

1974 жылы қыркүйек айында бұл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңғыстау ауданы, Емір кеңшарының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық.

Аспаптың үзындығы — 120 мм, биіктігі — 58 мм, үрлейтін ойығының диаметрі — 7 мм. Сол жақтағы ойығынық диаметрі — 4 мм, оң жақтағы ойығының диаметрі — 5 мм. Ойығының саны орындаушының ойнау шеберлігімен байланысты болған. Ойықтың біреуін үрлеп, қалғандарынан саусақтарымен түрлі дыбыс шығарып отырған. Бүл аспаптың өте шебер орындаушылары болған. Үскірікте тартылған күйлер сақталмаған. Үскіріктің үнін құстың даусына немесе басқа да түрлі дыбыстарға қсас шығарған және халық әндерін орындаған. Бүл аспаптың орындаушылық мүмкіндіктері «Саз сырнайдың» ескі үлгісінен әлдеқайда молырақ.

Аспап қолымызға тиісімен Б. Әнесовтің аулына барып қайттық. Ол кісі жас кезінде сыбызғыда, үскірікте, қамыс сырнайда ойнаған екен. Ал әкесі Қуатбай болса, кептеген аспаптарда, оның ішінде кернейде де ойнаған. Әкесінен көрген кернейдің үлгісіне келтіріп бізге ағаштан керней жасап берді. Көзбе-көз кездескеніміздің пайдасы — халық аспаптары жайында көптеген қызықты әңгімелерін естіп, үскіріктің, қамыс сырнайдың, кернейдің қалай жасалатынын көріп тамашаладық. Мысалы, үскірікті жасарда арнайы саздан үшбұрышты етіп екі жапырақша істеп, оларды кептірмей арасына қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бұрыштың оң жағынан үрлейтін ойық теседі. Екінші бұрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді. Ойығын кеңейтсе дыбысы төмендейді. Ал, ойығы орнында болмаса, онда ол ойығын балшықпен бітеп, оны басқа жерден шығарады.

Үскірікте орындауды меңгеріп алғаннан кейін біз одан дыбыс шығарудың, күйге келтіру мен дыбыс қатары түзілісінің, ойнау және діріл алу тәсілдерінің кейбір ерекшеліктері болатынын байқадық. Сонымен бірге оны өзге де көне аспаптарға қосып ансамбльге пайдаланудың жолын іздестірдік. Ол үшін бірде, яғни 1975 жылдың наурыз айында Құрманғазы атындағы консерваторияның камера залында қылқобызшы Мықтыбаевтың 70 жасқа толу мерейтойлық кешінде ойнап шықтық. Әсіресе шаңқобыз бен үскіріктің дуэті және үскірік, шаңқобыз, асатаяқ үшеуінің триосы әсерлі шықты. Бұдан байқағанымыз, үскірік пен саз сырнайды әр түрлі ансамбльдерге жасқанбай қосуға болатындығы еді.

Үскірікті түрліше жолмен жасауға болады, мәселе оны жасаудың технологиясында сондай-ақ диапазонын кеңейту, түрін, ойнау ойықтарының санын көбейту, техникалық мүмкіндігін молайту төңірегінде болмақ.

Әуелде біз оның көлемін бұрынғы ескі нұсқаларынан үлкен етіп жасадық. Сөйткенімізде негізгі тоны тым баяу және үні анық болмай шықты. Кейін көлемін көне үлгісінен онша алшақтатпай, бірақ төрт ойықты етіп жасадық. Енді негізгі тоны жоғарылады, даусы әуезді бола түсті, диапазоны едәуір кеңейді.

Үскірікті жетілдіру мақсатында тәжірибе жүргізгенімізде оның түрін көне үлгісіне келтіріп, бірақ көлемін біршама үлкенірек етіп ағаштан қалып жасағанбыз. Мұндай қалыпта жасалған үскіріктің, негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы болып шығады (шанақтың төменгі бөлігінің ені — 24 мм, жоғарғы бөлігінің ені — 14 мм).

Аспаптың диапазонын кеңейту үшін ойық санын көбейтуге, тура келді, сондай-ақ ойықтардың ойнау кезінде саусақтарға оңтайлы болып орналасуын қарастырдық.

Дауыстың негізгі тоны бірінші октаваның си нотасы сақталған жағдайда үшінші ойықтың көмегімен — до-диез екінші октава ала алдық. Үш ойықты аспаптың дыбыс қатары мынадай: бірінші октаваның си, екінші октаваның до-диез, ре-диез ми, фа-диез нотасы.