Байғалиев Орақ (1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылы) – ақын, педагог.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтын (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1974). 1974 – 80 ж. Жетібай кентінде мектеп мұғалімі, 1980 – 98 ж. Жетібай технол. көлік басқармасында аға инженер, автоколонна бастығы, Маңғыстау «Ұлутас өндіру және өңдеу» бірлестігінде цех мастері, заңгер, кадрлар бөлімі бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. 1998 жылдан Жетібай кентіндегі ғ8 орта мектепте мұғалім. «Тұңғыш» (1978), «Сәуір туған шақ» (2007) жыр жинақтарының авторы. Бірқатар өлеңдері Маңғыстау ақындарының антологиясы «Жыр-моншақ» кітабына енген.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар