Ақылбаев Данияр Айдарұлы (1971 ж. т., Алматы) – инженер. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ұрпағы.

Ата-тегі: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфүр – Айдар. Одан Данияр. Санкт-Петербург теңіз институтын мұхиттанушы мамандығы бойынша (1996) және Санкт-Петербург гидрология институтының аспирантурасын бітірген. 1988 – 96 ж. «Маңғыстаумұнайгеофизика» өндірістік бірлестігінде ЭВМ операторы, 1996 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы болып істейді.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1971 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Абай Құнанбайұлы Санат:Санкт-Петербург теңіз институты түлектері Санат:Санкт-Петербург гидрология институты түлектері Санат:Маңғыстаумұнайгеофизика тұлғалары Санат:Маңғыстаумұнайгаз тұлғалары