Регенеративтік күшейткіш — электр тізбегінде қоздырылған тербелістің меншікті энергия шығынының және жүкке берген шығынның сол тізбекке теріс кедергі енгізуі арқылы орны толтырылатын күшейткіш. Теріс кедергі ретінде жартылай өткізгіштік диодтар (мысалы, туннельдік диод) немесе параметрлік диодтар (варикап) алынады. Шуылы аз, аса жоғары жиілікті қабылдағыштарда қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника