Өрісбай Алданов (1902, Маңғыстау ауданы, Бозащы ауылы– 1992, Маңғыстау облысы, Қазақстан) – еңбек ардагері, жылқышы және шежіреші.

Өмірбаяны 1944 – 1984 жылдары Бозащы ауылында жылқышы болған. Сонымен қатар ел арасында халық ақындары Абыл, Орақ, Сәттіғұл мұраларын, Иса, Досан, Сүйінқара батырлар туралы деректерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші, шежіреші болып табылған.

1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан ауыл шаруашылық күніне қатысқан.

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

Дереккөздер

Санат:1902 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары Санат:Қазақстан шежірешілері