Түрлі түсті теледидардың әлемдік жүйелері () — түрлі түсті теледидардың әлемдік үш жүйесі (стандарты) бар: 1) NTSC(НТСИ) — ағылшынша "Теледидар жөніндегі ұлттық комитет" деген сөйлемдегі сөздердің бас әріптерінен тұрады. АҚШ-та, Канадада, Жапонияда және басқа бірқатар елдерде қолданылады. 2) SECAM (СЕКАМ) — ағылшынша "Түстерді жадқа сақтап кезекпен жеткізу" деген сөйлемдегі сөздердің бас әріптерінен тұрады. ТМД елдерінде, Шығыс Еуропа елдерінде, Францияда, Солтүстік Африка елдерінде қолданылады. Қазір бұл жүйенің SECAM ІІІ-В деген жетілдірілген түрі бар. 3) PAL (ПАЛ) — ағылшын тіліндегі "Айнымалы фазалық сызық" деген сөйлемдегі сөздердің бас өріптерінен тұрады. Англияда, Германияда және Еуропаның басым көпшілік елдерінде қолданылады. Бір жүйедегі бағдарлама екінші жүйеге жадқа сақтаушы электрондық-сөулелік құралдар (графекон) арқылы көшіріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника