thumb|200px|Тау Таулы атырап - биіктігі күрт өзгермелі, айналасындағы жазықтан едәуір биікке (жүздеген, кейде мындаған м-ге) көтеріліп тұрған жер бетінің кең байтақ телімі. Таулы атырап, әдетте, жоғары өрлеу қозғалыстары басым тектоникалық дамудың тұтас кезеңінің нәтижесінде қалыптасады. Кейде бірнеше мың км-ге созылып жатады, конфигурациясы күрделі болады. Таулы атырап тауаралық ойыстармен және өзен аңғарларымен бөлшектенген тау тізбектері мен жоталардан тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия