Бостан (1993 ж. дейін — Октябрьское)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы ауыл, Бостан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Құрық аулынан шығысқа қарай 175 км жерде, Өзен ойысының шығысында орналасқан.

Тарихы 1977 – 1995 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қарақұдық» кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде Бостанда шаруа қожалықтары құрылды.«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Халқы 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1114 1876 2028

Ауыл шаруашылығы Барлық Бостан ауылдық округіне қарасты елді мекендер мен шаруа қожалықтарды қосқанда 16170 үй жануары, соның ішінде: 9120 қой, 2372 ешкі, 2243 түйе, 2056 жылқы, 329 сиыр және 50 құс есепте тұр. Барлық мал басының өсімі байқалады.

Бостан ауылы бойынша асыл тұқымды мал өсіру және еттің экспорттық әлеуетін арттырудағы бағдарлама бойынша бүгінгі таңда 29 шаруа қожалық жұмыс істеп келеді.

Мал азығын ауылда ашылған «Жанболат» ЖШС жене «Ержан» ЖШС серіктестіктердің зауыттары дайындайды.

Инфрақұрылымы 2015-2016 оқу жылында ауылда 50 орындық «Өркен» балабақшасы, 25 орындық мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Ауыл мектебінде 372 оқушы білім алып, тәрбиеленеді.

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы елді мекендері