Маңғыстау Едігеев (1938 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – педагог. Орал педагогикалық институтын бітірген (1960). 1960 – 79 жылы Шахта, Шайыр, Шетпе орта мектептерінде мұғалім, сырттай оқу бөлімінің директоры, 1980 – 2000 жылы ауданы кино жүйесінде директор, №5 кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері