Александр Иванович Димаков (1927, Ресей, Калуга облысы Бабыниск ауданы Шугурово село) – ғалым. Геология-минералдық ғылым докторы, Губкин атындағы Мәскеу мұнай-газ университетін бітірген (1951). 1950 – 1961 жылдары Бүкілодақтық геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының Маңғыстау бөлімшесінде инженер, сейсмология партия жетекшісі, инженер-геофизик, 1961 – 1965 жылдары экспедиция бастығы, 1966 – 1976 жылдары институтың Маңғыстау – Үстірт секторының меңгерушісі, 1976 – 1979 жылдары Марокко елінде іссапарда болды. Кейіннен осы институттың Батыс Сібір секторының аға ғылым қызметкері. Бозащыдағы бірнеше құрылымды, «Өзен» кен орнын барлау-бұрғылауына дайындады. Маңғыстау геологиясы жайлы бірнеше монографияның, ғылыми еңбектердің, мақалалардың авторы. Оңүстік Маңғыстаудың сейсмологиялық қауіпті аймақ екендігін алғаш дәлелдеген ғалым. «Ленинградтың 250 жылдығы», т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Александр Иванович Димаков · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.