Сарыкөл – Түркістан облысы Отырар ауданы Талапты ауылдық округі аумағындағы көл. Сарыкөл ауылының батысында, Сырдарияның оң жағалық аңғарында өзенмен бірігіп кетеді. Терең жері 8 м-ге жетеді. Жағалауы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы