Нұрсен, Нөрсе – Маңғыстау үстіртінің солтүстігінде орналасқан төбе. Абсолюттік биіктігі 123 м, салыстырмалы биіктігі 23 м.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Қаратүлей сорының оңтүстік-шығысын ала орналасқан. Оңтүстігінде Латынқазған қонысы жатыр.

Өсімдігі Жусан, бұйырғын, баялыш өскен Нұрсен өңірі жыл бойғы мал жайлымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы таулары