Дипломатиялық дәреже - дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай үкімет тарапынан берілетін ерекше белгі. Берілу реті мен тәртібі әрбір мемлекеттің ішкі заңдары- на қарай реттеліп отырады. Дипломатиялық дәреже алғаш рет XIII ғасырда Батыс Еуропада "ambassador" деген атпен пайда болды. XV ғасырдың аяқ кезінде диломаттар 2 дәрежеге ("амбассадор" және "мандатарио") болінді, ал XVII ғасырда оған қосымша "елші уәкіл" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің заңдары бойынша мынадай дипломатиялық дәрежелер қарастырылған: атташе, хатшы, кеңесші, уәкіл немесе елші. Бұған қоса аталған дәрежелердің сатьшары да болуы мүмкін. Мысалы, Ӏ-класты кеңесші, ӀӀ-класты кеңесші және т.с.с. Елшінің немесе уәкілдің қызмет атақтарын әдетте мемлекет басшысы береді, ал басқа қызмет дәрежелерін сыртқы істер министрі өзі бекітеді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 12 қарашада қабылдаған "Дипломатиялық қызмет туралы" Заңы бойынша төмендегідей дипломатиялық дәрежелер белгіленген: Атташе; ӀӀӀ-хатшы; II класты ӀӀ-хатшы; II класты Ӏ-хатшы; I класты Ӏ-хатшы; II класты кеңесші; I класты кеңесші; II класты төтенше және әкілетті уәкіл; I класты төтенше және өкілетті уәкіл; Төтенше және өкілетті елші. Тағы қараныз Дипломат Дипломатия Дипломатия жаршысы Дипломатиялық актілер Дипломатиялық ерекше пұрсатты жағдай Дипломатиялық тіл Дипломатиялық қатынастар Дереккөздер
Санат:Саясат Санат:Дипломатия