Жүктеме — берілген денеге (механизмге, тетікке) әсер ететін күштердің жинағы.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Жүктеменің түрлері Бiрлiк жүктеме — шамасы бірге тең өлшемсіз жүктеме. Радиалды жүктеме — дененің көлденең қимасына қатысты радиал бағытта әсер етіп тұрған күштер жиынтығы. Таратылған күш (жүктеме) — дененің құрылымының белгілі бір ұзындығына немесе ауданына әсер етіп тұрған күштер. Өстік жүктеме — F-дененің осін бойлай түсірілген күштер жиынтығы. Жүктеменің аудан бірлігіне келетін мәні,тірек бетіне осы өстің донғалақтарымен берілетін көлік құралының толық массасының жүктемесі.Residential Load Controllers vs. Smart Electrical Management. luminsmart.com Қадалған жүктеме — түсіп тұрған аумағының өлшемі дененің өлшемдерінен әлдеқайда аз жүктемені шартты түрде көрсету үшін қабылданатын ұғым. Өспен шектелетін жүктеме — тиісті заңмен қарастырылған көлік құралының бір өсінің доңғалақтарымен жолға берілетін рұқсатты жүктеме. Максимальды өстік жүктеме — жоғары шамада өске немесе тіркемеге түсетін көлік құралының толық массасының жүктемесі. Пайдалы жүктеме — пайдаланудың белгілі жағдайларында бір ретте техникалық сипаттамалармен анықталатын жүк массасы немесе тасымалданатын жолаушы саны.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік // профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Транспорт Санат:Машина жасау