Шалаөткізгіштердегі ойылып-тесілу () — үлгінің немесе оның бөлігінің қайтымсыз бұзылуына әкелетін, үлгіге берілген потенциалдар айырымының кішкене өзгерістерінде шала-өткізгіш үлгі арқылы жүретін токтың шұғыл өсу қүбылысы. Шалаөткізгіштердегі ойылып-тесілу негізгі механизмі соққылық ионизация және күшті өріс аймағындағы жергілікті қатты қыздырылу ілесе жүретін өте үлкен электр кернеулігіндегі заряд тасымалдаушылардың көшкіндік көбеюі, сондай-ақ тор дислокациясы, ақаулары жанындағы токтың ұлғаюы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника