Іңірбай Маханов (1913, Форт-Шевченко қаласы – 1977) – мал дәрігері. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1934). Ленинградтың малдәрігерлік академиясының аспирантурасында оқып, ғыл. жұмысын бітірер алдында Қырғыз ауыл шаруашылығы институтында іссапармен барып, сонда «үштік» үкімімен 10 жылға сотталады. 1954 жылы ақталып, елге оралып, Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында малдәрігерлік санитария телім меңгерушісі болды. 1964 – 1973 жылы Маңғыстау ауданында ашылған алғашқы малдәрігерлік лабораторияда директор, аудандық малдәрігерлік станция бастығы, 1973 – 1977 жылы облыс малдәрігерлік лабораторияда бөлім меңгерушісі болған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Іңірбай Маханов · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.