Жаңатас — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы қала, аудан орталығы (1997 жылдан).

Географиялық орны Облыс орталығы — Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен20731 25018 120,7 10169 12298 120,9 10562 12720 120,4

Тарихы Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қалана бастады. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Бірнеше мектеп, мұражай, мәдениет үйі, 2 кітапхана, спорт мектебі, клуб, аурухана, тубдиспансер, аудандық санэпидемиологиялық станция бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол (Тараз — Жаңатас темір жол тармағы) арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы қалалары Санат:Сарысу ауданы елді мекендері