Температура аномалиясы ( — қалыпты жағдайдан ауытқу) — белгілі бір нүктеде өлшенген көп жылдың орташа температурасының сол нүкте орналасқан бүкіл параллель шеңберінің есептелген көп жылдық орташа температурасына сәйкес келуі. Температура аномалиясының жер бетінде таралуы изоаномал карталарында көрсетіледі. Ондай карталарда жайылма беттің, мұхит ағыстарының және массаларының тасымалдануының температураның таралуына әсері айқын көрінеді.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:География және геодезия