Сымдық резистор — резистивтік элементі (РЭ) оқшаулағыш материалдан жасалған қаңқаға оралган резистивтік сымнан жасалған резистор. РЭ-ті диаметрі 0,009—5 мм болатын манганиннен, константаннан, хромникелді, никель-молибденді және тағы басқа балқытпалардан жасалған арнайы резистивтік сымнан дайындайды. Тұрақты сымдық резистордың номиналды кедергілері 0,01-2 • 107 Ом; айнымалы сымдық резистордың кедергілері — 0,47—5 • 105 Ом.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника