Электромагниттік қатты сөйлегіш — дыбыс жиілігіндегі ток арқылы туындайтын магнит өрісі әсерінен қозғалысқа түсетін болат пластинкаға (якорь) жалғанған диффузордың жаңғыртуына негізделген қатты сөйлегіш. Дыбыс жаңғырту сапасы электродинамикалық қатты сөйлегіш сапасынан төмен.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника