Теңіз ауасы — 1) теңіз үстіндегі ауа немесе теңізден құрлыққа баратын ауа; 2) ауа массасының теңіздік тип тармағы; ауа массасының әр зоналық типінде теңіз және континент ауалары ажыратылады. Осыған орай теңіздің үстінде немесе теңіз үстімен өткенде қалыптасқан ауа массаларын қоңыржай ендіктің теңіз ауасы, теңіз тропиктік ауасы және т.б. деп атайды. Ауа массаларының әр түрлі географиялық типінде теңіз ауасы континенттік ауамен салыстырғанда айтарлықтай ылғалды, температурасының тәуліктік амплитудасы аздау болады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия