Ерболат Әкежанұлы Смағұлов (16.7.1952, Өскемен қаласы — 05.10.2019) — археолог, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты (1989).

Өмірбаяны 1974 ж. ҚазМУ-ді бітірген. 1980-81 ж. КСРО FA Археология институтының Ленинград бөлімінде ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Еңбек жолын 1974 ж. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға лаборант болып бастаған. Қазір Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында бас ғылыми кызметкер. Ғылыми жұмыстары 1972—90 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археология экспедициясының Отырар және онымен аттас оазистегі ескерткіштерді (Алтынтөбе, Көкмардан, Марданкүйік, т.б.) зерттеуге үлесін қосқан. 1985 жылдан Түркістан шұратында ежелгі және ортағасырлық ескерткіштерді зерттеумен айналысып келеді. 1996 ж. Смағұлов Ерболаттың ұсынысымен құрылған Түркістан археологиялық экспедициясы көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеді. Смағұлов Ерболаттың қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі кезең ескерткіштерінің сан алуан сауалдарын көтерген 150-ден аса ғылыми еңбектері, соның ішінде 4 монографиясы бар.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Смағұлов Ерболат Әкежанұлы, 1952 жылы туылған Археологтар Сауран шаһары аумағында ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ТАБЫЛҒАН КӨПТЕГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБАЛАР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ ӨТКІЗІЛДІ ПАМЯТИ ЕРБУЛАТА СМАГУЛОВА (16.07.1952 – 05.10.2019) Смагулов Ербулат Акижанович (16.07.1952 – 05.10.2019)

Санат:16 шілдеде туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Өскеменде туғандар Санат:Қазақстан археологтары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Тарих және этнология институты қызметкерлері Санат:Әлкей Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері