Бөлтек Оңғарбайұлы (1898 – 1943) – күйші, зергер.

Сарыарқаға, Маңғыстауға белгілі айтулы күйші. Сонымен қатар күміс бұйымдар соғатын зергер, темір ұстасы, ағаштан түйін түйетін шебер әрі етікші де болған. Ұсталықты – ақжігіт Дінімнен, зергерлікті – балықшы Нұржаудан, ал күйшілікті – ескелді Теңелден үйренген. Орынсыз жаламен қамауға алынып, түрмеде қайтыс болды.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1898 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан зергерлері Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:Абақтыда қайтыс болғандар