Хамидолла Мәзенов (1927 жылы туған, Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кенті) – еңбек ардагері, электрик. Гурьев (қазіргі Атырау) политехникалық техникумын бітірген (1948). 1948 – 1962 жылдары Қаратон мұнай кен орнында электр жөндеуші, мастер, цех бастығы, бас электрик, 1962 – 1966 жылдары «Гурьевэнерго» бірлестігінде бөлім меңгерушісі, 1968 – 1970 жылдары Маңғыстау электржүйелері басқармасының (МПЭС), 1970 – 1981 жылдары Маңғыстау облыстық мемлекеттік энергия жүйелерін бақылау басқармасының директоры болды. КСРО және Қазақстан энергетика министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар